06.12.2011, 12:11 3449

Қазақстанның инновацияны дамытудағы әлеуеті зор

БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы Қазақстанның инновациялық дамуына шолу жасады, деп хабарлады БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық және ықпалдастық жөніндегі директоры Румэн Добрински Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның инновацияны дамытудағы әлеуеті зор, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы Қазақстанның инновациялық дамуына шолу жасады, деп хабарлады БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық және ықпалдастық жөніндегі директоры Румэн Добрински Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Румэн Добринскидің мәліметі бойынша, зерттеу жұмысы 2011 жыл бойына жүргізілді және оған жетекші халықаралық мамандар мен Қазақстанның бірқатар ұйымдарының өкілдері қатысты.

"Біздің негізгі серіктестігіміз Қазақстанның Ұлттық инновациялық қоры болды, біз қордың көмегімен инновациялық процеске барлық қатысушылармен бірқатар консультациялар, келіссөздер өткіздік",- деді БҰҰ ЕЭК өкілі.

"Біздің ұсыныс-кеңестеріміз инновациялық үдеріске барлық қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимылдардың тиімділігіне бағытталып отыр. Өз ұсыныстарымызда біз, қатысушылардың арасындағы өзара байланысты күшейтуге және нарық тарабынан инновацияларға деген сұранысты арттыруға негізгі басымдық жасап отырмыз", - деді ол.

Кез-келген елдің инновациялық әлеуеті оның саясатына байланысты екенін ұмытпауымыз керек. "Инновация саласындағы басымдықтар бізге, Қазақстанның бұл бағыттағы әлеуеті зор екенін айтуға негіз беріп отыр. Егер, елдеріңіз осы беттен танбаса, үлкен жетістіктерге жетеді",- деп түйіндеді өз сөзін Р. Добрински.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны