04.06.2014, 23:32 3268

Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жақсарады - Е. Досаев

Бүгін Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Елбасының инвесторлар үшін жаңа ынталандырулар пакетін енгізу бойынша тапсырмасын іске асыру үшін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е. Досаев баяндама оқыды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі Заң жоба инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарауды, инвестициялық преференцияларды кеңейтуді, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды көздейді.

Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізіліп отыр, 10 жылға корпоративтік табыс салығы (КТС) төлеуден босату; 10 жылға жер салығын төлеуден босату;8 жылға жылжымайтын мүліккке салық төлеуден босату;объекті пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30 %-ға дейін өтеу.

"Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкаларының (қосымша құн салығы (ҚҚС) және акциздерден басқа), экологиялық төлемдер мен алымдардың "тұрақтылығын" енгізу көзделіп отыр. Жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жоба құрылысының барлық мерзімінде және объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін бір жыл бойы квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады", - деді Е. Досаев.

Жоғарыда аталған ынталандырулар пакеті индустриялық- инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаға (ИИДМБ) сәйкес экономиканың басым салаларындағы құны 20 млн. АҚШ долларынан кем емес жаңа инвестициялық жобалар үшін берілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны