04.07.2016, 19:43 5834

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік аптасы басталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жауынгерлік әзірлік бойынша іс-шаралар басталды. Ерекшелігі түнгі уақытта жоғары жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру мәселелерін пысықтау болып табылады. Бұл ретте диверсияға қарсы қауіпсіздікке ерекше назар аударылады

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жауынгерлік әзірлік бойынша іс-шаралар басталды. Ерекшелігі түнгі уақытта жоғары жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру мәселелерін пысықтау болып табылады. Бұл ретте диверсияға қарсы қауіпсіздікке ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Түрлер мен әскер тектерініӊ әскери қызметшілеріне кәсіби жауынгерлік және дене даярлығыныӊ негізгі нормативтері бойынша сынақ тапсыруға тура келеді, бөлімшелер әскери техниканы тарта отырып, берілген аудандарға марш жасайды. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізіледі. Еӊ алдымен бөлімшелер мен взводтар, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өӊірлік қолбасшылықтар (әскер тектері) деӊгейінде, содан кейін әскер түрлері деӊгейінде және Қарулы Күштер ауқымында, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бүгін Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратыныӊ әскери қызметшілері 68665 әскери бөлімініӊ полигонында атыс даярлығы бойынша сынақ тапсырды. Офицерлер мен сержанттар Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ атты. Басқару органдарында жекелеген және бірлескен штабтық жаттықтырулар өткізілді.

Жауынгерлік әзірлік аптасы армияныӊ шынайы мүмкіндіктерін, түрлер мен әскер тектері бөлімдері мен бөлімшелерініӊ қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыру қабілеттілігін тексеруге, қарсыласпен ұйымдасқан түрде ұрысқа кірісуге және қойылған тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.

Бүгін әскери жанжалдардыӊ сипаты күрт өзгеруі, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканыӊ заманауи үлгілері енгізілуі жағдайында әскери қызметшілерден жан-тәнімен толық беріліп істеу, сапалы білім алу, жоғары шеберлік пен жылдам ауысатын ахуалға жедел ден қою шеберлігі қажет етіледі. Искери қызметшілердіӊ айтуынша, толық жауынгерлік әзірлікте болу үшін өз-өзінді қамшылап, әрдайым физикалық тұрғыда шынығу, ерлік, табандылық, шыдамдылық, тәртіптілік пен атқарушылық сынды қасиеттерді баулу қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны