23.10.2007, 17:22 3106

Қазақстанның Қарулы күштерінде жылдың 9 айында 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген

Қазақстанның Қарулы күштерінде жылдың 9 айында 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген

Астана. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Қарулы күштерінде жылдың 9 айында 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 22-қазанда Қрғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғалар, сондай-ақ олардың командирлері мен бастықтары тыңдалған.

"Комиссияның қабылдап отырған шаралары азаматтардың алдында билік органдарының беделін түсіретін және әлеуметтік әділеттілік пен конституциялық заңдылықта сенімсіздік туғызатын сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған",- деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі комиссия төрағасы генерал-майор Болат Жанасаев.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарулы күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көбісін материалдық жауапты тұлғалар мен қаржы қызметкерлері өздерінің командирлері мен бастықтары тарапынан тиісті бақылау қойылмау барысында жасаған.

Жиналыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғалар, сондай-ақ мұндай деректерге жол берген олардың командирлері заңға сәйкес лауазымдары төмендетілетіндігі немесе Қарулы күштер қатарынан шығарылатындығы туралы, немесе басқа да тәртіптік жауапқа тартылатындығы туралы шешім қабылданған, деп хабарлады қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны