19.01.2017, 18:24 7086

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері арнайы тренажерлық кешендерді меӊгеруді оқып-үйренуде

Атқыш-зенитшілер, гранатаатқыштар мен ұрыс машиналарыныӊ жүргізушілері тура оқу сыныптарында іс жүзінде өздерініӊ кәсіптерініӊ ерекшеліктерін игеруде

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде келісімшарт және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жеке құрамын арнайы тренажерлық кешендерде оқытып-үйрету жүргізілуде. Атқыш-зенитшілер, гранатаатқыштар мен ұрыс машиналарыныӊ жүргізушілері тура оқу сыныптарында іс жүзінде өздерініӊ кәсіптерініӊ ерекшеліктерін игеруде,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ ішінде, әскери бөлімде жеке құрамды даярлау үшін шынайы көзбен шолу және дыбыстық әсері бар "Игла" және "Стрела" үлгісіндегі зениттік-зымыран кешенініӊ оқ атуын елестететін тренажерлық кешен бар. Аталмыш тренажер зениттік-зымыран кешенін жауынгерлік қалыпқа келтіру, автоматты қолмен ұстау режімінде оқ атуға, нысанаға көздеу, қармау, шығару және т.б. бойынша тапсырмаларды орындай алады. Шағын артиллериялық сынып межелердіӊ, соныӊ ішінде, қозғалмалы нысаналардыӊ елестетілуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қарсылас пен өз әскерлерініӊ жағдайы мен тактикалық іс-қимылдарын, атыс бөлімшелерініӊ елестетілуін, күндіз және түнде оқ ату тапсырмаларыныӊ орындалуын, зеӊбіректен бастап бірнеше артиллериялық топтарға дейін атыс құралдарын тарта отырып, оқ атудыӊ кез келген тапсырмаларын көрсетеді.

Сонымен қатар, әскери бөлімде әскери қызметшілерді жаяу әскер мен танктердіӊ ұрыс машиналарын жүргізуге, сондай-ақ, атыс қаруынан оқ атуға оқытып-үйрету үшін тренажерлық кешендер бар. Оныӊ ішінде, атыс даярлығына арналған "Профи" тренажеры. Бұл тренажер полигон мен шынайы жауынгерлік жағдайлардыӊ жай ғана жақсы компьютерлік елестетілуі емес, ол жаттығуды орындау кезінде әскери қызметшілер жіберген кемшіліктер мен қателіктерді, оқ-дәрілердіӊ жұмсалуы мен өзге де көрсеткіштерді талдауға қабілетті.

Мұндай тренажерлық кешендер Қазақстанныӊ барлық әскери бөлімдерінде бар екенін айта кеткен жөн. Осындай тренажерлардыӊ арқасында полигондарға шықпай-ақ әртүрлі мамандықтар бойынша әскери қызметшілерді даярлауға мүмкіндік туып отыр. Оқыту барысында әскери қызметшілер қажетті теориялық білім алады. Содан кейін алған білімдерін тренажерларда қолдануды үйренеді. Ал одан соӊ шынайы ұрысқа жақындатылған далалық жағдайда дағдыларын бекітеді. Осы мақсатта әскери бөлімдерде күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны