09.04.2010, 17:54 3219

Қазақстанның қаржы полициясы Karachaganak Petroleum басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғады

Қазақстанның қаржы полициясы Karachaganak Petroleum басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның қаржы полициясы Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) консорциумының басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу департаменті төрағасының бірінші орынбасары Дулат Байжанов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) консорциумының басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Андрей Лукиннің түсіндіруінше, "олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-тармағының "б" тармақшасы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дулат Байжановтың айтуынша, қылмыстық іс уәкілетті орган бекіткен өндіру нормасынан асыра жалпы құны 104 млрд теңгенің 1 млн 100 мың тонна мұнайы мен 94 мың тонна конденсатын өндіргені үшін қозғалды.

Алайда осы орайда ол консорциум басшыларының арасынан нақты кімнің үстінен іс қозғалғанын атамады және оны былай деп түсіндірді: "өздеріңіз білесіздер, KPO басшылығына 4 шетелдік компания біріккен: англиялықтар, нидерландылықтар, американдықтар және 15% - "ЛУКОЙЛ" компаниясы. Осы компаниялардың әрқайсысы өз үлесі үшін жауап беретін болады. Біз қазір нақты кімнің жауапкершілік жүктейтінін білмейміз... Консорциум құрамындағы осы төрт компанияның жетекшілерінен дәл кім кінәлі екені тергеу соңында анықталады".

Д. Байжановтың айтуынша, тергеу бір айдан кейін аяқталуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны