09.07.2009, 15:14 2749

Қазақстанның кеден мекемесі кеден қызметінің тарихындағы ең ауқымды мұнай контрабандасының жолын кесті

Қазақстанның кеден мекемесі кеден қызметінің тарихындағы ең ауқымды мұнай контрабандасының жолын кесті

Астана. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері Ақтау теңіз айлағында контрабандалық мұнайы бар 20 цистернаны қолға түсірді. Бұл туралы Кедендік бақылау комитетінің талдау және бақылау бөлімінің бастығы Данияр Оспанов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Осы жылдың 5 - 8 маусымы арылығында "Нұртау КЗ" ЖШС Ресей Федерациясынан Қазақстанға кедендік аумақта өңдеу үшін деп режимде көрсетіп, "шикі мұнай" тауарын енгізген. Алайда 9 маусымда аталған серіктестік кедендік режимде "жеңіл мазут, корабль отыны" атымен өңделген тауарды 21 темір жол цистернасымен Ақтау теңіз айлағы арқылы Иранға бағыттай отырып, Виргиния аралдарында тіркелген компанияның атына экспортқа шығаратынын мәлімдеген", - деді Д. Оспанов.

Оның айтуынша, 14 маусымда Ақтау теңіз айлағына кіре берістегі теміржолдарда жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері аталған Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі 20 вагон-цистернаны ұстады. "Сарапшының қорытындысы бойынша, цистерналарда фирманың мәлімдегеніндей жеңіл мазут, корабль отыны емес, мұнай болған", - деді ол.

Сөйтіп, Д. Оспановтың айтуынша, Қазақстанда іс жүзінде мұнай өңделмеген. "Жай вагондардағы пломбаларды ауыстырып қана, шикі мұнайды экспорттауға талпыныс жасалды". "Басқаша айтар болсақ, бұл жерде шикі мұнай экспорты кезіндегі ренттік салықтан жалтару оқиғасы жатыр. Шығын көлемі 14 млн 466 мың теңге", - деп атап өткен Д. Оспанов, барлық тауардың кедендік құны 63 млн 589 мың теңгені құрағанын айтты.

Д. Оспановтың хабарлауынша, "бұл - кеден қызметінің тарихындағы ең ауқымды шикі мұнай контрабандасы" болмақ. 2 шілдеде Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, қазір анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны