08.12.2012, 11:24 1744

Қазақстанның кей аймақтарында арнайы бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер мерзімінде толық берілмейді

Қазақстанның алты аймағында баспананы қолданысқа беру бойынша жылдық жоспарлардың орындалмауы күтілуде, деп хабарлады ТКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттіктің басшысы Серік Нокин.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның кей аймақтарында арнайы бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер мерзімінде толық берілмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның алты аймағында баспананы қолданысқа беру бойынша жылдық жоспарлардың орындалмауы күтілуде, деп хабарлады ТКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттіктің басшысы Серік Нокин.

"Қарағанды облысы бойынша: енгізудің жылдық жоспары 30,2 мың шаршы метр, 12,8 мың шаршы метр енгізіледі деп күтілуде (42%), Маңғыстау облысы бойынша 24 шаршы метр көлемінде орындалмау күтілуде, Павлодар облысы бойынша 16,7 мың шаршы метр енгізіледі деп күтілуде немесе жоспардан 55,7%, Солтүстік Қазақстан облысында 10,8 мың шаршы метр енгізіледі деп күтілуде немесе жоспардан 60,7%, Алматы бойынша 22,9 мың шаршы метр енгізіледі деп күтілуде немесе жоспардан 45%%, Астана бойынша 21,1 мың шаршы метр енгізіледі деп күтілуде немесе жоспардан 70,5%,", - деді Нокин жұмадағы парламенттік тыңдауларда.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "баспананы қолданысқа бергеннен кейін жекелеген әкімдіктер пәтерлердің иелігін білдіретін құжаттарды өз уақытында әзірлемейді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны