07.06.2007, 14:26 2563

Қазақстанның коммерциялық банктері "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасына 1,5 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салуға дайын

АЛМАТЫ. 7 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның коммерциялық банкі "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасына 1,5 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салуға дайын. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев интернет-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз экономиканы әртараптандыруға отандық инвестицияны тартамыз",- деп мәлім етті президент Нұрсұлтан Назарбаев. "Соңғы кездері мен отандық ірі бизнесмендермен, банкирлермен екі рет кездестім. Бұл - Қазкоммерцбанк, ТұранИлембанкі, Центркредит, АТФ және басқалар. Бүгінде банкілер "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасына инвестиция салуға дайын және де олар бұған 1,5 млрд АҚШ долларын сала алады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Бұл өте қуантарлық жағдай. Мемлекет мұндай жобаларды толығымен қолдайды",- деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президентінің айтуынша, экономиканы модернизациялау жөніндегімемлекеттік комиссияның соңғы отырыстарында құны 100 млрд АҚШ доллары сомасында барлығы 200 инвестициялық жоба мақұлданған. "Олардың ішінен бүгінде құны 56 млрд АҚШ доллары тұратын 100 жоба іріктеліп алынған. Сонымен қатар, жалпы құны 25 млрд АҚШ доллар 41 озық жоба жүзеге асырылады",- деп атап өтті Қазақстан Республикасының президенті.

Президент сондай-ақ, Қазақстанда индустриялық бағдарламалардың әзірленіп, жұмыс істеп жатқандығын еске сала кетті. "2015 жылы біз экономика көлемін 3,5 есеге ұлғайтуға тиіспіз. Біз бұған қадам басып келеміз. Осы жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнім 10 пайызға өскен. Өңдеку өнеркәсібінің өнімі 11 пайызға, машина және құрал-жабдықтар өндірісі - 20 пайызға өсуі қуантарлық жағдай. Үш жыл ішінде қатарға экономиканың осылай өсуіне түрткі болып отырған 615 жаңа кәсіпорын енгізілді",- деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны