14.06.2006, 14:52 16624

Қазақстанның консулдық мекемелері халықаралық бала асырап алу мәселелерін реттейтін норматиівтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзып отыр

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның шетелдердегі консулдық мекемелері мен қамқорлық мекемелері халықаралық бала асырап алу мәселелерін реттейтін норматиівтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзып отыр. Бұл туралы Бас прокуратураның халықаралық келісімдердің қолданылуын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Балғабек Хамитжанов бүгін өткен алқа мәжілісінде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Консулдық мекемелер шетел азаматтары берген құжаттарды дұрыс зерттемейді және олар асырап алынған балалардың тіршілік жағдайы мен тәлім-тәрбиесін қадағалау жөніндегі заңнама талаптарын орындамайды”,- деді Б. Хамитжанов.

“АҚШ азаматтары тарапынан бала асырап алуға берген өтініште асырап алушылар баланың ахуалы туралы алғашқы үш жылдың ішінде есеп беріп тұрады деп көрсетіледі”, дейді Б. Хамитжанов. “Ал Қазақстан азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру жөніндегі тәртіптердің 19-бабына сәйкес, асырап алушылар баланың ахуалы туралы есепті бала 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын беріп тұрады деп көрсетілген”, деді ол.

Сонымен бірге Б.Хамитжановтың хабарлауынша, “асырап алушылардың сотталған-сотталмағаны туралы анықтамаларда бір округ немесе штат аясында ғана тексеру жүргізілгені көрсетіледі. Ал мұндай тексеру басқа штаттардағы қылмыстарды тіркеу бойынша адамның сотталған немесе сотталмағанына кепілдік бере алмайды”.

“Көп жағдайда бұрын сотталмағаны туралы анықтаманың түпнұсқасы отбасылық жұптың бір мүшесіне ғана беріледі. Ал орыс тіліне аударылған құжаттардың қосымшасында ерлі-зайыпты жұптың екеуі де сотталмаған деп көрсетіледі. Осындай жайттарға қарамастан, консулдық мекемелер жоғарыдағыдай құжаттарды қабылдап, оған қарап оң рай танытады”,- деді ол.

Б.Хамитжановтың айтуынша, “прокурорлар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жүйке-жүйесі ауруларына шалдыққан және жасаған қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған адамдарға асырап алуға берілу деректерінің бетін ашты”.
Бас прокуратураның мәліметтері бойынша 1999-жыл мен 2006-жылдың 1-тоқсаны аралығында шетел азаматтары елімізден 5394 бала асырап алды.



МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны