03.01.2007, 17:15 2962

Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы 28 желтоқсанда "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Стипендияға ие бюолғандардың арасында ақындар М.Айтқожина, К.Ахметова, халық жазушысы Қ.Жұмаділов, прозашы Ш.Құмарова, жазушы С.Мұратбеков, ақын Ө.Нұрғалиев, Қазақстанның халық әртістері Қ.Ахмедияров, Р.Ишірбекова, Г.Бойченко, Б.Баяхунов, Ю.Клушкин, Р.Мұсабаев, сазгер К.Дүйсекеев, қоюшы-балетмейстер Ш.Сапарғалиқызы, кескіндемеші Г.Телғозиева және басқалар бар.

Стипендия жыл сайын Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін зиялы қауым өкілдеріне беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны