28.01.2008, 16:46 3259

Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық бақылау және реттеу комитетінің төрағасы тағайындалды

Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық бақылау және реттеу комитетінің төрағасы тағайындалды

Алматы. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовтың бұйрығымен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық бақылау және реттеу комитетінің төрағасы болып Рахымбергенов Мұрат Мағауұлы тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, М. Рахымбергенов 1969 жылдың 7-қаңтарында Көкшетау облысының Көкшетау ауданының Раздольное аулында дүниеге келген. Көкшетау ауылшарушалық институты мен Қарағанды заң институтын бітірген.

1992 - 1994 жылдары Көкшетау облысының Бұлғақ совхозында инженер-жабдықтаушы, Көкшетау облысында Кусепск совхозының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып жұмыс істеген. 1994 - 1999 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1999 - 2000 жылдары Ақмола облысының пошта байланыстар жөніндегі республикалық-мемлекеттік кәсіпорын басқармасының қаржы қызметі бөлімін басқарған. 2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы басқармасының бас маманы.


2003 - 2006 жылдары Астана қаласының мемлекеттік бас инспекторы, 2006 жылдың сәуірінен бастап - Астана қаласының аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Ийелі және үш баласы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны