29.03.2011, 15:06 4635

Қазақстанның мемлекеттік мектептеріндегі мұғалімдердің жалақысы жекеменшік мектептердегі ұстаздардың жалақысымен теңеседі

Қазақстанның мемлекеттік мектептеріндегі мұғалімдердің жалақысы жекеменшік мектептердегі ұстаздардың жалақысымен теңеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның мемлекеттік мектептеріндегі мұғалімдердің жалақысы жекеменшік мектептердегі ұстаздардың жалақысымен теңеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жеке және мемлекеттік мектептердегі ұстаздардың жалақысы 2015 жылға дейін теңеседі. Бұл туралы бүгін ҚР үкіметі мәжілісінде ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлаған.

"1 қыркүйектен бастап I санаттағы мұғалімдер негізгі лауазымдық еңбекақысынан бөлек біліктілігі үшін 100% қосымша ақы алады. Мұғалімдердің барлық өзге санаттарына да үстеме беріледі. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2011 жылға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді", - деді Б.Жұмағұлов, 2020 жылға дейінгі ҚР білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндап.

Білім министрлігінің басшысы сондай-ақ 2015 жылға дейін мемлекеттік мектептердегі педагогтардың еңбек ақысын жеке сектордағы жалақы деңгейіне дейін көтеру жоспарланып жатқанын хабарлады.

Одан бөлек, министр ағымдағы жылы барлық бюджеттік қызметкерлер жалақысының 30%-ға көтерілуін күтіп отырғанын еске салып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны