17.01.2014, 19:44 5101

Қазақстанның мемлекеттік секторында жалақы мен әлеуметтік жәрдемақы көлемі өседі - Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектік пен асыраушысынан айырылуға байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақыны 25 пайызға арттыруды тапсырды.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы мен жәрдемақы көлемі өседі, деді ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында.

"Үкіметке азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа моделін әзірлеп, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізуді тапсырамын. Ол денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын - 28 пайызға дейін, білім саласы қызметкерлерінің жалақысын 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысын 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектік пен асыраушысынан айырылуға байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақыны 25 пайызға арттыруды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны