15.05.2009, 16:42 2700

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2014 жылға дейін мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты толық қанағаттандыруға тиіс - президент

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2014 жылға дейін мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты толық қанағаттандыруға тиіс - президент

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2014 жылға дейін мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты толық қанағаттандыруға тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялауды жеделдете түсу қажет, олардың жалпы қуаттылығын 17 млн тоннаға дейін жеткізу керек, нәтижесінде отандық мұнай өңдеу зауыттары 2014 жылға дейін жоғары сапалы мұнай өнімдеріне - жанармай мен авиакеросинге деген ішкі сұранысты толық қанағаттандыруға тиіс ", - деді Н. Назарбаев.

"Мұнай өңдеуді және мұнайгаз саласының инфрақұрылымын дамыту қажет. Бұл салада қазір де бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр", - деді ол.

Атап айтсақ, "ағымдағы жылы Қазақстан -Қытай мұнай құбырының екінші кезегін салып пайдалануға беру жоспарлануда, ол жылдың аяғына таман Каспий өңірін Қытайдың батысымен жалғастырады. Біз жаңа экспорттық бағытқа шығамыз",- деді президент.

"2012 жылдың аяғына дейін Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистральдық газ құбырын аяқтау қажет, ол елдің оңтүстігін өз газымызбен толық қамтамасыз етеді".

"Жалпы алғанда, аталған шараларды жүзеге асыру отын-энергетикалық кешеннің қосылған құнын кем дегенде 30%-ға ұлғайтады" , - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны