31.10.2007, 17:33 6233

Қазақстанның оңтүстігінде алты шекара күзеті кешенінің құрылысы басталды

Қазақстанның оңтүстігінде алты шекара күзеті кешенінің құрылысы басталды

Шымкент. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында, Сарыағаш отрядының учаскесінде алты шекара күзеті кешенінің құрылысы басталды. Бұл туарлы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасының қолбасшысы Талғат Есетов хабарлады.

"2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын орнықтыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дамыту және оның құрылыс" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шекара қызметінің басшылығы тендер жүргізіп, Сарыағаш отряды учаскесінде алты шекара күзеті кешенінің құрылысы басталды",- деді генерал Т. Есетов.

"Оңтүстік" аймақтық басқармасының қолбасшысы, 2010 жылдың аяғына де йін 14 шекара күзетінің қалашығы, бір шекара комендатурасы, Жетісай шекара отрядына арналған инфрақұрылым мен аймақтық басқарма орналасқан жерде 60 пәтерлі үй салынатындығын хабарлады.

Т. Есетов "Оңтүстік" аймақтық басқармасының учаскесіндегі күзетті - Қызылорда, Жетісай, Сарыағаш, Тараз шекара отрядтары атқаратындығын еске сала кетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасы 2048 шақырымдық шекара учаскесіне жауап береді: олардың 651 шақырымы Қырғызстанмен шекаралас, 1397 шақырымы Өзбекстанмен шекаралас. "Оңтүстік" аймақтық басқармасы жауаптанатын аймақта Қазақстанның шекара бойындағы үш облыс - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны