20.05.2010, 13:22 2751

Қазақстанның оңтүстігінде Бішкек - Мәскеу пойызында есірткі тасыды деген күдікпен Тәжікстан азаматы ұсталды

Қазақстанның оңтүстігінде Бішкек - Мәскеу пойызында есірткі тасыды деген күдікпен Тәжікстан азаматы ұсталды

Шымкент. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігінде Жамбыл облысында Бішкек - Мәскеу пойызында шекарашылар есірткі тасыды деген күдікпен Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Мерке т.ж." өткізу бекетінде Бішкек - Мәскеу пойызын тексеру барысында Қазақстанға келе жатқан Тәжікстан азаматының қол сөмкесінен шекарашылар жасағы 2 килограмм 825 грамм героин тапты.

"Есірткі полиэтилен дорбаға салынып, сөмкенің қос қабырғасының арасына жасырылыпты. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны