19.07.2011, 17:08 4045

Қазақстанның оңтүстігінде екі ауылдың тұрғындары арасындағы қақтығыс кезінде екі адам қаза тапты

"Қолға алынған жедел шаралар нәтижесінде анықталғандай зардап шегушілер Мерке ауылы мен соған жақын елді мекендердің бірінің тұрғындары арасындағы қақтығыс кезінде оқтан жарақат алған. Алайда, атыс екі жақты болмаған. Суық қару тек бір тараптан ғана қолданылған", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тараз. 19 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігінде екі ауылдың тұрғындары арасындағы қақтығыс кезінде 5 адам оқтан жарақат алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қолға алынған жедел шаралар нәтижесінде анықталғандай зардап шегушілер Мерке ауылы мен соған жақын елді мекендердің бірінің тұрғындары арасындағы қақтығыс кезінде оқтан жарақат алған. Алайда, атыс екі жақты болмаған. Суық қару тек бір тараптан ғана қолданылған", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

ІІД хабарлауынша, 18 шілдеге қараған түні Мерке ауылының Орталық аудандық ауруханасына әртүрлі дәрежедегі оқ жарақаттарымен 6 адам жеткізілді. Олардың бірі алған жарақаттарынан көз жұмса, үш азамат медициналық көмек көрсетілгеннен кейін дене жарақаттарының жеңілдігіне байланысты үйлеріне жіберілді.

Жәбірленушілердің дене жарақаттарын алу жағдайларын анықтау кезінде Мерке аудандық ІІБ шұғыл-тергеу тобы олардың барлығы да Мерке ауылының тұсындағы Алматы - Ташкент тас жолының бойында орналасқан "Илихан" дәмханасының маңында жарақат алғандарын анықтады. Оқиға орынын тексеру кезінде жолдың оңтүстік жағынан жүк салғышы, алдыңғы және артқы терезелері оқ тиіп тесілген "Мерседес" маркалы автокөлікті тапты. Көліктен алыс емес жерде бұталар арасынан денесінде оқ жарақаттары бар Мерке ауылында тұратын бір азаматтың мәйіті табылды.

"Аталмыш оқиға бойынша Мерке аудандық ІІБ жеке құрамы мен ІІД басқа да арнаулы бөлімшелері дабыл бойынша сапқа тұрғызылды. Істі тергеу мақсатында гарнизон бастығы Бекет Аймағамбетов алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жетті", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ІІД мәліметтеріне сүйенсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы (Адам өлімі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар тұлғалар белгілі. Оларды қамауға алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны