24.05.2007, 15:02 3020

Қазақстанның оңтүстігінде экстремистік топтың 13 адамы ұсталып, олардан жарылғыш құрылғылар тәркіленді

ШЫМКЕНТ. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның оңтүстігінде экстремистік топтың 13 адамы ұсталып, олардан жарылғыш құрылғылар тәркіленді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова департаментте өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, "2007-жылдың сәуір айының аяғында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД мен ҰҚКД қызметкерлері бірлесе жүргізген шұғыл шараларының барысында бір экстремистік топты белсенді жақтаушы 13 адам ұсталып, залалсыздандырылды". "Тінту барысында олардан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, қару-жарақ, діни кітаптар мен дін тақырыбындағы компакт-дискілер табылып тәркіленді",- деді С.Қаракөзова.

Баспасөз хатшысының түсіндіруінше, қазір сараптама тағайындалып, "ұсталған 9 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды". С.Қаракөзованың хабарлауынша, оқиғаның бұдан өзге егжей-тегжейін істі тексеріп жатқан Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері ғана айтып бере алады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір апта бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД төрағасы Хибратулла Досқалиев жарылыстарға дайындалып жүрген экстремистердің ұсталғаны туралы хабарлаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың төрт айында "Оңтүстік Қазақстан облысында экстремизмге қатысты 20 дерек анықталып, 11 қылмыстық іс қозғалған, 189 үнқағаз, 50 кітап, бір брошюра, бейнекассета, 44 аудикассет пен 50-ден астам CD және DVD дискілер тәркіленген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны