04.11.2011, 13:11 4183

Қазақстанның оңтүстігінде газ құбырын салуды қаржыландыру жөніндегі барлық мәселе шешілді

Қазақстанның оңтүстік өңірін отандық газбен тұтастай қамту мүмкіндігі бар. Кеше ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

Астана. 4-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігінде газ құбырын салуды қаржыландыру жөніндегі барлық мәселе шешілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстік өңірін отандық газбен тұтастай қамту мүмкіндігі бар. Кеше ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

"Қазақстанның батысынан оңтүстікке қарай газ құбырын тартуды қаржыландыруға қатысты мәселе бүгінгі күні шешімін тапты. Құрылыстың бірінші кезеңі де басталып кетті. Яғни, Қазақстанның оңтүстік өңірінде өзіміздің отандық газды тұтынуға толық мүмкіндік бар. Ал, мұның өзі осы өңірді энергиямен қамтамасыз етудің инфрақұрылымын өзгертеді, сондай-ақ индустриялық жаңа нысандар салуға септігін тигізеді", - деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Алматы қаласымен қоса елдің оңтүстігін тұтастай отандық газбен қамтамасыз етудің күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін атап өтті. "Осыған қатысты Экономикалық даму және сауда министрлігіне және Қаржы министрлігіне арнайы тапсырмалар бердім. Аталған өңірді газбен толық қамтамасыз ету егжей-тегжейлі зерделеніп, тиісті құжаттар әзірленеді. Осы мәселені Үкіметте талқылап, қажетті қолдауға ие болу үшін Парламентке де келетін боламыз", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны