16.02.2016, 10:53 3462

Қазақстанныӊ оӊтүстігіндегі әскерлер дабыл бойынша көтерілді

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарыныӊ аумағында орналасқан әскерлердіӊ жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексерудіӊ бірінші кезеӊі басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарыныӊ аумағында орналасқан әскерлердіӊ жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексерудіӊ бірінші кезеӊі басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ бөлімдері мен Қызылорда облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаменті дабыл бойынша көтерілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Искерлер оқу-жаттығу тапсырмаларын пысықтап, оқу-жаттығу полигондарына шыға отырып, 5 шақырым қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен марш жасады.

Тараздан Отарға шамамен 160 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ Луговой станциясынан Отарға дейін артиллериялық эшелондарды тиеу жүргізілді. Мұнда жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.

Қызылордада дабыл бойынша Қызылорда облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, қаланыӊ қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және облыстыӊ қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері көтерілді. Алынған белгіге сәйкес штаб және құқық қорғау, арнайы органдардыӊ қызметкерлері, сондай-ақ Қазақтелеком мен Қызылорда облысыныӊ жергілікті атқару органдарыныӊ қызметкерлері хабардар етілді. Ал жаӊадан құрылған арнайы мақсаттағы бөлімше оқу-жауынгерлік тапсырмалардлы орындау кезінде іс-қимылдардыӊ үйлесімділігін пысықтады.

Тексеріс шеӊберінде әскерлерді таӊсық полигондарға жөнелту жүзеге асырылды. Бұл жерлерде жақын күндері оқу-жаттығулардыӊ белсенді фазасы басталады.

Тексерістіӊ негізгі мақсаты қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелердіӊ іс-қимылдарыныӊ үйлесімділігін бағалау болып табылады.

Жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру бүгінгі күні Қарулы Күштердіӊ шынайы жауынгерлік әзрлігін айқындаудыӊ пәрменді әрі батымды тәсілдерініӊ бірі, сондай-ақ әскерлердегі істердіӊ шынайы жай-күйін зерделеудіӊ маӊызды үлгісі болып табылатынын айта кетейік. Кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердіӊ іс-қимылдарыныӊ үйлесімділігіне, әрбір жауынгердіӊ өзініӊ орағытуын білуі және шебер орындауы, әскер түрлері мен тектері арасында басқаруды ұйымдастыру, өзара іс-қимыл және байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны