22.04.2010, 18:37 4095

Қазақстанның оңтүстігіндегі шекараны толық бекіту жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқталады - вице-премьер

Қазақстанның оңтүстігіндегі шекараны толық бекіту жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқталады - вице-премьер

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев кеше Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы қазақ-өзбек шекарасында болып, жергілікті жердегі жағдаймен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кедендік одақ шарттарына сәйкес, біз серіктестеріміздің алдында еліміздің оңтүстік шекарасын нығайта түсу міндеттемесін жүктеп алғанбыз. Еліміздің оңтүстік шекарасы 3,5 мың шақырымға созылып жатыр, оның 1 мың шақырымға жуығы - жазық жерлер. Шамамен 800 шақырымы - таулы бөліктер. Қалған бөлігі - шөл дала немесе жартылай шөлейт аймақтар. Біздің міндетіміз - келесі жылдың 1 шілдесіне дейін шекара үшін өзгеше болып табылатын қажетті инженерлік құрылғылармен жабдықтап шығу, және осы шекараларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру", - деді Ө. Шүкеев.

Вице-премьер дің хабарлауынша, тиісті қаражат үкіметтің резервінен бөлінген. Шекара қызметінің алдына бұл жұмыстарды биыл және келесі жылдың бірінші жартысында жүзеге асыру міндеттелген.

"Біз қазір осы шекараның барлық бөліктерінің үстінен ұшып шықтық, жұмыстардың біршама қарқынмен жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанның оңтүстігіндегі шекараны толық бекіту жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқталады деген нық сенім бар, ал келесі жылы біз одан әрі жайластыру және шекаралық заставаларды бекіту жұмыстарымен айналысатын боламыз", -деді Ө. Шүкеев.

Оның айтуынша, шекарада 25 жаңа застава салынып, соған сәйкес контингент те ұлғайтылады. Вице-премьердің пікірінше, міндеттеме толық орындалады. "Бүгінгі жағдаймен біз жұмыстардың жартысынан астам бөлігі тындырылғанын байқап отырмыз", - деді Ө. Шүкеев.

Ал қиындықтарға қатысты сауалға вице-премьер: "шешілмеген мәселелер бар, бірақ олар анау айтқандай ауқымды емес",- деді.

"Демаркация аяқталмаған, келіссөздер жүргізу қажетті бөліктер бар. Көлік артерияларын, күре жолдарды кесіп өтетін, дәл жолдың ортасы арқылы шекара сызығы өтетін тұстар бар. Шекара сызығын белгілеу салдарынан мемлекет аумағынан бөлініп қалған бөліктер де бар. Бұл мәселелердің барлығы да жан-жақты талқыланды, барлық мүдделі жақтар қатысты, олар енді шешімін табады", -деп сендірді Ө. Шүкеев.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының бастығы полковник Тұрғанбек Стамбеков былай деді: "біз үшін басты проблема біріншіден, демаркациялық жұмыс тардың аяқталмауы, оларды жеделдету қажеттігі, Шу өзенінің жағалауын бекіту, Жамбыл облысындағы №39 бөлікте жол салу мәселелері болды. Бұл жол екі жерден үзіліп, ұзындығы 2,5 шақырымнан соқыр ішек секілді Қырғызстан аумағы арқылы өтеді. Біз ол жерлерде жұмыс жүргізе алмағандықтан, бұл мәселелер тиісті министрліктердің алдына қойылды. Сондай-ақ, батпақты жерлер арқылы өтетін тұстарға қатысты, үй-жайлары шекара аймағының аумағында қалған тұрғындарға өтемақы төлеу және оларды көшіруге қатысты мәселелер болды. Қордай және Талас аудандарында осындай 20 шақты үй бар. Сарыағашта 12 үйне қатысты мәселе шешілді, және бүгін арнасай аймағында Жетісай - Шардара жолы бойынша өткір мәселе туындап отыр".

"Бізге қайта бір қарап, есептеп, бір айдың ішінде баяндау туралы нұсқау берілді", - деді полковник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны