08.11.2007, 18:58 3763

Қазақстанның Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы әскери бөлімшеде тұрғын үйлерді бөлуде жол берілген заң бұзушылықтарды анықтады

Қазақстанның Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы әскери бөлімшеде тұрғын үйлерді бөлуде жол берілген заң бұзушылықтарды анықтады

Тараз. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің 2035 әскери бөлімшесінде тұрғын үйлерді бөлуде жол берілген заң бұзушылықтары анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік аймақтық әскери прокуратурасынан хабарлады.

Искери прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, 2035 әскери бөлімшеде лауазымды тұлғалар әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу барысында тұрғын үй заңын бұзған, сөйтіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берілген.

"Тұрғын үй заңнамасының талаптарына қарамастан баспанаға зәру әскери қызметкерлердің тізімі 2007 жылдың басына дейін жүргізілмеген, ал баспаналар кезекте тұру тәртібін сақтамастан, қажетті құжаттар толық болмаған жағдайда да бөлінген",- деп хабарлады прокуратурадағылар. Тексеру барысында пәтерлердің баянатсыз (жүгіну) бөлінгенді анықталған. Ал кейбір әскери қызметкерлердің өздеріне баспана беру туралы өтініштері назардан тыс қалып отырған. Сонымен қатар, әскери қызметкерлерді баспанаға зәрулердің тізіміне қосу барысында да кезектілік сақталмаған.

Прокуратурадағылардың хабарлауынша, әскери бөлімшенің балансында тұрған 28 пәтердің тек үшеуінде ғана бөлімше қолбасшысы мен жалға алушының арасында жасалған жалға алу келісімшарты болған. Соңғы бес жылда бөлімшенің тұрғын үй комиссиясының отырыстарында тек пәтер беру мәселесі ғана қаралған. Ал әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларының баспана жағдайларын жан-жақты қарау жүргізілмеген. Тексеру нәтижесін бойынша әскери бөлімшенің сегіз лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылған, деп хабарлады әскери прокуратурадан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны