14.01.2011, 16:55 4161

Қазақстанның өрт сөндірі қызметінің жабдықталуы 40 пайызға, судан құтқару қызметінің жабдықталуы 80 пайызға кем

Қазақстанның өрт сөндіру қызметінің жабдықталуы 40 пайызға, судан құтқару қызметінің жабдықталуы 80 пайызға кем. Бұл туралы ҚР ТЖМ кеңейтілген алқа отырысында таратылған материалында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның өрт сөндіру қызметінің жабдықталуы 40 пайызға, судан құтқару қызметінің жабдықталуы 80 пайызға кем. Бұл туралы ҚР ТЖМ кеңейтілген алқа отырысында таратылған материалында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, бөлімшелердің жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі 40-тан 80 пайызға дейін жетеді. Атап айтқанда, өрт сөндіру қызметінің жабдықталуы 40 пайызға, әскери бөлімшелер - 45 пайызға, жедел құтқару қызметі 60 пайызға жеткіліксіз.

Сондай-ақ, судан құтқару қызметі 80 пайыз, "Қазселқорғау" ММ - 55 пайыз, Медициналық апат орталығы - 70 пайыз, "Қазавиақұтқару" РМК 70 пайыз жабдықтауға мұқтаж.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны