11.12.2012, 14:21 2834

Қазақстанның өз-өзін өнімсіз жұмыспен қамтып отырған тұрғындары әлеуметтік қамту шараларымен қамтылатын болады

"Елімізде өз-өзін өнімді және өнімсіз еңбекпен қамтып отырғандар деген түсінік қолданысқа енгізілмек, бұл шара тапқан табыстарына қарай қанша адамның әлеуметтік қамту жүйесіне, яғни зейнетақы төлемдері, әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысатынын және жалпы қосымша құн жасақтаудағы экономикалық қатынастарға қанша адамның қатысатынын анықтау үшін керек", - деді С.Ибденов өз сөзінде.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Еліміздің өз-өзін өнімсіз жұмыспен қамтып отырған тұрғындары есепке алудың жаңа әдісі бойынша әлеуметтік қамту жүйесіне қатыстырылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов осылай деп мәлім етті.

"Елімізде өз-өзін өнімді және өнімсіз еңбекпен қамтып отырғандар деген түсінік қолданысқа енгізілмек, бұл шара тапқан табыстарына қарай қанша адамның әлеуметтік қамту жүйесіне, яғни зейнетақы төлемдері, әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысатынын және жалпы қосымша құн жасақтаудағы экономикалық қатынастарға қанша адамның қатысатынын анықтау үшін керек", - деді С.Ибденов өз сөзінде.

Министр сондай-ақ, әлеуметтік қорғаудың аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз тұтынымдары үшін жеке аулаларында өнім өндірумен айналысатын және әлеуметтік қамту жүйесіне қатыспайтын өз-өздерін өнімсіз жұмыспен қамтып отырғандармен айналысатынын атап көрсетті.

Ал, өз шаруашылықтарында өнім өндіріп, қосымша құнды жасақтап отырғандар үшін Экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті арқылы қолдау шаралары қарастырылатын болады.

Статистика агенттігінің айтуынша, бүгінде елімізде өз-өздерін жұмыспен қамтып отырғандардың үлесі 1,215 млн. адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны