27.09.2007, 17:46 2729

Қазақстанның парламенті жер қойнауын пайдалану туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады (кеңейтілген нұсқа)

Қазақстанның парламенті жер қойнауын пайдалану туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады (кеңейтілген нұсқа)


Астана. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Жер қойнауын пайдалану туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кеше Қазақстан парламентінің мәжілісі аталмыш түзетулерді мақұлдаған болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасымен стратегиялық маңызы бар жер қойнауларын (кеніштерді) игеру, немесе барлауға ертеректе жасалған келісім-шарттарына кері бағытта күш беру қарастырылған.



Заң жобасында сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметіне жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімнің шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап ету құқығын беру қарастырылған.

Заңда жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын бұзу негіздерінің тізімін кеңейту қарастырылған. Енгізілген түзетулерге сәйкес, стратегиялық маңызы бар жер қойнау мен учаскелерді анықтау үкіметтің құзырлығына кіреді.

Қолданыстағы заңға толықтыру енгізу уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеттері салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын орындаудан бір жақты бас тарту құқығы берілмек.

Аталмыш құжат "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық мүддесін қорғау мақсатындағы" депутаттардың бастамасымен әзірленген болатын. Үкімет аталмыш құжатқа оң қорытынды берді.

Үкіметтің ұстанымын түсіндіре келе энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев сенаттың жалпы отырысы барысында, "келісім-шартты бұзу мүмкіндігі стратегиялық нысандардың шектеулі тізіміне жатады", деп атап өтті.

"Менің пайымдауымша, мұндай тізім үлкен болмайды, ол үкімет қаулысымен бекітіледі",- деді С. Мыңбаев.

Сондықтан да, министр "уәкілетті органдардың барлық кеніштерді ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатасы бар деп айтатын мүмкіндіктері болмайды", деп санайды.

"Сондай-ақ жекелеген ірі кеніштер стратегиялық нысандар режимінде реттелетіндігі сөзсіз. Үкіметтің оң баға беруінде дәл осы ұстаным айтылған болатын",- деп хабарлады С. Мыңбаев.

Заң жобасы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің қол қоюына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны