21.02.2008, 15:51 2698

Қазақстанның премьер-министрі салықшылардың алдына салық әкімшілігінің процедурасын бизнес үшін оңайлату міндетін қойды

Қазақстанның премьер-министрі салықшылардың алдына салық әкімшілігінің процедурасын бизнес үшін оңайлату міндетін қойды

Астана. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов салықшылардың алдына бизнес үшін салық әкімшілігінің процедурасын оңайлату міндетін қойды. Бұл туралы ол бүгін салық органы қызметкерлерінің форумы барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жаңа Салық кодексімен жұмыс істеу барысындағы ең маңызды мәселелердің бірі салық әкімшілігінің проблемасы болмақ",- деп санайды К. Мәсімов.

"Бұл процедуралардың бизнес үшін айтарлықтай жеңілдетілуіне, салық қызметінің қызметкерлері мен кәсіпкерлердің бір-бірімен тікелей байланысын қысқартуға, электронды есеп беру формаларын кеңінен енгізуге қол жеткізу керек. Салық кодексіне камералық бақылаудың барлық түрлері мен процедураларының сипаттамасын енгізу қажет", - деді ол осыған байланысты.

Премьер-министр проблемалы мәселелердің бірі бақылаушы орган тарапынан болсын, салық төлеушілер тарапынан болсын өзара түсіністіктің пен сыйластықтың жетіспеушілігіне байланысты салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қатынас болып отырғанына сенімді.

"Салық органдары қызметкерлерінің төмен кәсіби деңгейі көбінесе осындай жағдайларға себеп болып отырады. Тіпті, кейде салық қызметкерлерінің өздері де заңға қандай өзгерістер енгізілгенін білмей қалатын жағдайлар кездесіп жатады. Олар осындай жағдайларда жоғарыдан бұйрық күтіп, туындаған мәселелерді салық төлеушіге дұрыс түсіндіріп бере алмай, қол қусырып отырады", - деп сөзін жалғастырды ол. Үкімет басшысының пайымдауынша, бұл проблеманы заңдық өзгерістерді жүйелендіру және оны Қазақстанның кез келген нүктесіндегі салық қызметкері көре алатындай ету жолымен шешілуі тиіс.

"Аумақтық салық органдарының қызметкерлері әрқайсысы өз ойымен түсіндірмеуі үшін барлық ережелер бір формаға келтірілуі керек. Салық комитеті барлық жүргізіліп жатқан салық реформалары бойынша семинарлар өткізу жолымен өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырулары қажет. Ал аумақтық салық органдарының басшылары бұдан өзге өз қызметкерлерін жыл сайын аттестациядан өткізіп тұрулары шарт", - деді ол.

"Салық есептемелерін электронды тәсілмен беру енгізілсе де, салық органдарындағы кезек азаймай тұр. Бұл мәселені электронды үкіметтің дамуымен бірлесе отырып шешкен абзал. Себебі, салық төлеушінің мүмкіндігі болмауына қарамастан аумақтық салық органдары салық есептемелерін бәріне бірдей электронды түрде тапсыруды міндеттеп отыр. Елдің бәрі интернетке қосылған жоқ, әркімнің өз компьютері жоқ", - деді премьер-министр. Кезек мәселесін шешуде премьер салық органдарының басшыларынан жұмыс уақыты кезінде жиналыс өткізуді доғаруды талап етті.

Сондай-ақ, К. Мәсімов салық қызметкерлері салық төлеушілердің арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтулері қажет деп есептеп отыр. "Салықтық заң бұзушылықтардың көпшілігі қарапайым ғана заңды білмеуден туындайтынын біз білеміз. Анықталған заң бұзушылықтар есебінен салық органдары жазалаушы орган рөлін ойнамаулары керек. Олар салықтық заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуге міндетті", - деп атап көрсетті премьер-министр.

"Салық мәдениетінің жоғарғы деңгейіне жеткен кезде салықтық бақылау мен басқаруға мемлекет бөліп отырған қаражат бірнеше есе ұлғаятынына сенімдімін. Себебі, елдегі бизнес жағдайының жақсаруы мен бюджеттік түсімдердің көлемі сіздердің кәсіби деңгейлеріңізге тікелей бағынышты", - деп сөзін қорытты К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны