10.10.2007, 18:20 2777

Қазақстанның президенті мен Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Қазақстанның президенті мен Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Астана. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы Хавьер Солана екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан президентімен өте жақсы кездесу өтті, кездесу барысында біз қабылданған жаңа стратегия (Еуроодақ пен Орталық Азияның ынтымақтастығы - агенттік ескертп.) жөнінде пікір алмасып, екіжақты қатынастардың, соның ішінде экономика және энергетика саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқыладық",- деді Х. Солана президентпен кездесуден кейін өткен брифингте.

"Менің пайымдауымша, бұл өте жақсы нәтиже және де біз әділетті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз",- деп қорытындылады Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Одақ пен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 2006 жылы 22,7 млрд АҚШ долларына жетсе, 2007 жылдың қаңтар-маусым айларында 12,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Еуроодақ елдері ынтымақтастық жылдарында Қазақстанның экономикасына 35 млрд астам АҚШ долларын инвестициялаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны