09.10.2009, 14:20 2834

Қазақстанның шекарашылары Өзбекстанның 24 азаматын шекарадан заңсыз өткені үшін ұстады

Қазақстанның шекарашылары Өзбекстанның 24 азаматын шекарадан заңсыз өткені үшін ұстады

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның шекарашылары 8 қазанда Өзбекстанның 24 азаматын шекарадан заңсыз өткені үшін ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекарашылар жасағы Жетісай шекарашылар отрядының "Атакент" шекара заставасының аумағында Өзбекстаннан жаяу келе жатқан 24 шекара бұзушыны ұстады. Олардың бәрі де Өзбекстан азаматтары, олар шекарадан заңсыз өткел жоқ жерден өткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір олар Атакент АІІБ қызметкерлеріне табысталды.

Сондай-ақ, Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 қазанда Каспий теңізінің акваториясында мемлекеттік шекара күзетін жасап жүрген шекаралық тікұшақ экипажы Новый был аралының маңында қойма тапты. Аралға түскен шекарашылар жасағы "Казанка" үлгісіндегі төрт қайықпен жүрген Қазақстанның алты азаматын ұстады. Олардан жалпы салмағы 90 килограмм болатын бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл іс бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны