18.09.2012, 15:18 2948

Қазақстанның СІМ мен ИЖТМ 20 мемлекеттен инветиция тарту механизмін әзірледі

Отырыс барысында, шетелден инвестициялар тартуға жағдай жасау мақсатында ынталандыру шаралары қарастырылуда, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - 17-қыркүйек күні Астанада Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында, шетелден инвестициялар тартуға жағдай жасау мақсатында ынталандыру шаралары қарастырылуда, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Қазіргі таңда Қазақстанның басымдықты экономикалық серіктестерінің қатарына кіріп отырған 20 мемлекеттен тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі нақты тетіктер жасалып отыр.

"Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов кеңесте сөйлеген сөзінде, инвестициялар тартуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында елімізде ынталандыру шаралары қарастырылып отырғанын, атап айтқанда, Қазақстанның бизнес жүргізуге және инвестиция тартуға жайлы ел екендігімен жұртшылықты кеңінен таныстыру, инвесторлар үшін жеңілдіктер қарастыру, фискалдық, қаржылық және қаржылық емес тетіктер арқылы шетелдік компанияларға арнайы жағдайлар жасау сияқты шаралар қарастырылып жатқанын атап көрсетті",- деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министр, экономикалық дипломатия міндеттерін іске асыруда құрметті консулдар институты үлкен маңызға ие екенін атап көрсетті, бизнес-элита өкілдері ретінде олардың жергілікті билік органдарымен және іскерлік топтармен байланыстары кең екенін айтты.

"Елбасының шетелдік сапарларының аясында ынтымақтастық туралы және инвестициялар тарту туралы келісімдерге қол қоюға әзірлік барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдік мекемелерінің жұмысы ерекше маңызға ие болады",- деді Қазыханов өз сөзінде.

Министр өз сөзінде сондай-ақ, арнайы өкіл қызметін енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Бұл ретте министр Е. Қазыханов АҚШ пен Ресей тәжірибелерін алға тартты. Бұдан бөлек, сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейіндік департаменттің жұмысын күшейтіп, оған мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыртқы экономикалық байланыстарды үйлестіру жұмыстарын да жүктеді.

"Бұл бағытта ешқандай да немқұрайлылық, бюрократиялық енжарлық та, селқостық та болмауы шарт. Шетелдік мекемелеріміздің жұмысындағы экономикалық дипломатияда ешқандай шеткері аймақ болмауы керек. Олар Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция ағындарын әртараптандыруды қамтамасыз етулері қажет", - деп атап өтті министр өз сөзінде.

Кеңесте сондай-ақ индустрия және жаңа технологиялар министрі И.Исекешев, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабыр Есімбеков, сондай-ақ Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің өкілдері сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны