27.01.2015, 15:14 4013

Қазақстанныӊ стратегиялық басымдылығы кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі - Назарбаев

Қазақстанныӊ стратегиялық басымдылығы кәсіпкерлікті дамыту, деп Астанада өткен Ұлттық кәсiпкерлер палатасыныӊ II съезiнiӊ қатысушыларына Премьер-Министрдiӊ бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау сөзін оқыды

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ стратегиялық басымдылығы кәсіпкерлікті дамыту, деп Астанада өткен Ұлттық кәсiпкерлер палатасыныӊ II съезiнiӊ қатысушыларына Премьер-Министрдiӊ бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау сөзін оқыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бiздiӊ елiмiзде 1 млн 200 мыӊнан астам кәсiпорын мен жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес секторында 3 млн-ға жуық адам еӊбектенуде. Республиканыӊ әлеуметтiк жағдайы олардыӊ жұмысына тәуелдi. Отандық нарықтық экономиканыӊ негiзiн құрайтын кәсiпкерлiктi дамыту Қазақстанныӊ стратегиялық басымдығы болып табылады. Ел эконмикасындағы шағын және орта бизнес үлесi 2050 жылы 50%-ға жетуi тиiс", - делінген құттықтау сөзінде, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Алға қойған бұл мiндетке қол жеткiзу бизнес орта мен мемлекет күшiн бiрiктiрген кезде ғана мүмкiн болады. Соӊғы жылдары отандық кәсiпкерлiкке қолдау көрсету мен инвестиция тартуға қолайлы шарттарды жасау мақсатында көптеген шаралар қолға алынды", - деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, Президент соӊғы жылдары Қазақстанда отандық кәсiпкерлiкке қолдау көрсету мен инвестиция тартуға қолайлы шарттар жасалып жатқандығын баса айтты. "Ендiгi кезекте алда тұрған мақсат - жеке кәсiпкерлiк бастамаларды толыққанды ашу. Олардыӊ нарықтық шарттардағы маӊызы ерекше".

"Бұл ретте Ұлттық кәсiпкерлер палатасы маӊызды рөл атқаруы тиiс. Ол өткен жылдыӊ iшiнде тұрақты тәуелсiз институт ретiде өзiн көрсетiп, бизнес қауымдастық мүддесiн қарастыруда. Бүгiнгi күнi әлемдiк экономикада iшкi нарыққа әсер ететiн күрделi мәселелерге тап болып отырмыз. Бұл, бiр жағынан, жаӊа мүмкiндiктер деп беріп отыр", - делінген Қазақстан Президентініӊ сөзінде.

"Кәсiпкерлер палатасы елдегi кәсiпкерлiктi одан әрі дамытуға бағытталған тиiмдi шараларды жасау үдерiсiне белсендi түрде қатысуда. Бұл өзара әрекеттестiк әлеуетi кез келген қиыншылықтарды бастан өткеруге болады деп үмiттендiредi. Съезд Қазақстандағы кәсіпкерлікті одан ары дамыту және жетілдіру бойынша дұрыс бағыттар мен шешімдер қабылдауға септігін тигізетініне сенімдімін", - деп түйді Президенттіӊ сөзін оқыған Б.Сағынтаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны