18.06.2012, 12:27 2893

Қазақстанның теміржол вокзалдары санаттарға бөлінетін болды

Бұдан былай, вокзалдарды класқа бөлуді олардың жолаушы ағыны мен техникалық жарақталуын ескере отырып, өкілетті органдар атқаратын болады. Осыған байланысты, әрбір санатқа сәйкес бірқатар талаптар қойылатын болады.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның теміржол вокзалдары санаттарға бөлінетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұдан былай, вокзалдарды класқа бөлуді олардың жолаушы ағыны мен техникалық жарақталуын ескере отырып, өкілетті органдар атқаратын болады. Осыған байланысты, әрбір санатқа сәйкес бірқатар талаптар қойылатын болады.

Мысалы, қызмет көрсетудің стандартты жиынтығына билет кассаларының, күту залдарының, санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің және жолаушыларды ақпараттандыру нысандарының, медициналық пункттер мен қоғамдық қорғау пункттерінің болуы кіретін болады. Санаты жоғарырақ вокзалдарда қол жүгін сақтау камерасы, WI-FI, валюта айырбастау пункті, банкоматтар, пошта және телеграф, ана мен бала бөлмелері, сервис орталықтары сияқты қосымша қызмет көрсетуге міндетті.

Маңызды талаптардың бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың вокзал аумағы мен маңайындағы алаңдарда кедергісіз қозғалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қоса, олармен бірге ілесіп отыруды, мінгізіп-түсіруді вокзал қызметкерлері атқаратын болады.

Ережелердің жаңа редакциясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен мән берілген. Айталық, электрмен және өрт сигнализациясымен үздіксіз қамтамасыз ету, вокзалдардың сыртқы периметрлерінің қоршауы болуы, бейнебақылаумен, турникеттермен жабдықтау сияқты талаптар жазылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны