15.10.2009, 11:05 1620

Қазақстанның төрт азаматы шекарада Қырғызстаннан төрт тоннаға жуық тауықтың сан етін контрабандалық жолмен әкелуге жасаған талпыныс кезінде ұсталды

Қазақстанның төрт азаматы шекарада Қырғызстаннан төрт тоннаға жуық тауықтың сан етін контрабандалық жолмен әкелуге жасаған талпыныс кезінде ұсталды

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның екі азаматы шекарада Қырғызстаннан төрт тоннаға жуық тауықтың сан етін контрабандалық жолмен әкелуге жасаған талпыныс кезінде ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін таңертең "Қайнар" заставасының шекарашылар жасағы Қырғызстаннан екі көлікпен келе жатқан Қазақстанның төрт азаматын ұстады. Ұсталғандар шекарадан өткел жоқ жерден заңсыз өтуге әрекеттенген", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "көліктердің кузовынан контрабандалық жүк - 4 тоннаға жуық тауықтың сан еті табылды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны