12.05.2010, 14:36 10246

Қазақстанның тұңғыш президентінің ұлт көшбасшысы мәртебесін заң деңгейінде бекіту жаппай қабылданған демократиялық нормаларға қайшы келмейді - мәжіліс депутаты

Қазақстанның тұңғыш президентінің ұлт көшбасшысы мәртебесін заң деңгейінде бекіту жаппай қабылданған демократиялық нормаларға қайшы келмейді - мәжіліс депутаты

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның тұңғыш президентінің ұлт көшбасшысы мәртебесін заң деңгейінде бекіту жаппай қабылданған демократиялық нормаларға қайшы келмейді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында мәжіліс депутаты Имзебек Жолшыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз дұрыс бағытта дамып келеміз деп санаймыз және жаппай қабылданған демократиялық нормаларға қайшы келетіндей шұғыл ауытқушылықты біз енгізгеміз жоқ", - деп мәлімді И. Жолшыбеков бүгін қабылдғанған заң жобалары жайлы берген түсініктемесінде.

"Жеке басқа табыну мен ұлт лидері деген мүлдем кереғар ұғымдар", - деп атап көрсетті ол.

Сондай-ақ, қабылданған заң жобаларында президент үшін қандайбір қосымша өкілеттіліктер қарастырылмаған, деді ол.

"Ал бірінші президент- ұлт көшбасшысына қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар лаңкестік қылмыстар санатына жатқызылды және ол үшін 20 жылға дейін абс бостандығынан айыру немесе өмір бойы түрмеге қамау жазалары жүктеледі", -деді И. Жолшыбеков.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, "бірінші президент өзінен президенттік өкілеттілікті тапсырып, бірінші президент - ұлт лидері деген функцияларды алған кезде Қазақстанның Тұңғыш президентінің мұражайы, яғни, фонд-мұражай оның өз меншігіне өтеді".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын мақұлдады.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, "Қазақстан қоғамында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентi Н.Назарбаевтың қоғамдық мәртебесін Елбасы ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттілігі көптен бері шешімін күтіп жүрген мәселе болатын".

"Мемлекет басшысы бүгінгі таңда Қазақстан үшін тек президент қана емес, Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы оның есімімен тікелей байланысты. Сондықтан Елбасы мәртебесін заң жолымен негіздеу формальды түрде болмақ. Өйткені Қазақстан халқы Нұрсұлтан Ибішұлын бұрыннан бері Елбасы санайды. Бұл таңғаларлық жайт емес.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында тәуелсіздік алған аз уақыттың ішінде экономикалық қуатты, қарқынды демократиялық жолмен дамыған, ұлтаралық және дінаралық келісім ішкі идеологияның өзегі болған мемлекет ретінде қалыптасты. Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемдік қауымдастықта танымал болды және лайықты әріптеске айналды. Қазақстанды ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету мәселесінде осы ғаламдық ұйымға қатысушы мемлекеттердің ортақ келісімге келуіне біздің ел Президентiнің әлемдік деңгейдегі беделі басты негіз болғаны ешкімге де жасырын емес",- делінегн мәжіліс таратқан баспасөз баянында.

"Мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуіне айрықша үлес қосқан саяси көшбасшының ерекше мәртебесін айқындауда Қазақстан алғашқы ел болып отырған жоқ. Мысал ретінде Сингапурды алуға болады. Бұл елдің негізін қалаған премьер-министрі Ли Куан Ю үшін арнайы Сингапур үкіметі жанынан тәлімгер-министр лауазымы енгізілген. Стратегиялық дарыны мен ақыл-парасатының арқасында Тәуелсіздігін нығайтқан Мұстафа Кемалдың саясатын жалғастыру үшін Түркия оған "Ата Түрік" - "Түріктің әкесі" деген құрметті атақ беріп, сол арқылы оны Ұлт көшбасшысы деп жариялады. Сондай-ақ бұрынғы президенттеріне жасалып отырған айрықша заңдық актілер Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары секілді елдерде де бар екені белгілі",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары бастамашы болған бұл заң жобасы ең алдымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қазақстандықтар алдындағы теңдессіз еңбегін ескеріп, Мемлекет Басшысының мәртебесін Елбасы ретінде айқындап алуға бағытталған.

"Мәжілістің барлық комитеттері аталған заң жобалары бойынша өздерінің ескертпелерін ұсынды және оң қорытындыларын берді. Бас комитеттің кеңейтілген отырысында да бұл жобалар қолдау тауып, Палатаның жалпы отырысының қарауына ұсынылды. Заң жобасымен жұмыс істеу барысында Парламент Мәжілісінің депутаттарынан негізгі заң жобасына 17 түзету енгізілді, ал ілеспе заң жобасына 22 өзгеріс пен толықтыру енгізілді",- деп хабарладйы мәжілістің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны