18.07.2013, 15:02 3485

Қазақстанның "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" депозиттік базасы 163 млрд теңгеден, келісім-шарттық - 883 млрд теңгеден асты

"Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ депозиттік базасы 163, 2 млрд теңгені құрады, тұрғын үй жинақтары туралы халықтың келісім-шарттары 883 млрд теңгеден асты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" депозиттік базасы 163 млрд теңгеден, келісім-шарттық - 883 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ депозиттік базасы 163, 2 млрд теңгені құрады, тұрғын үй жинақтары туралы халықтың келісім-шарттары 883 млрд теңгеден асты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша Банкте 883,3 млрд. теңге сомаға тұрғын үй жинақтау туралы 425 523 келісім-шарт жасалған. Банктің депозиттік базасы 163,2 млрд. теңгені құрады. Халықтың салымдар үлесі бойынша екінші деңгейдегі банктер қатарында банк барлық ЕДБ ішінде 8 орынды иеленді", - делінген "ТЖБ" АҚ мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, халықтың теңгедегі ұзақ мерзімді салымдар үлесі бойынша банк үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан бастап 1 орында.

Өз кезегінде, несие қоржыны 125,4 млрд теңгені құрады. Жұмыс жасау мерзімінен бастап Банк 173,6 млрд теңге сомаға 52 338 қарыз берген.

Осылайша ҚР Ұлттық Банкінің статистикасы бойынша Банктегі 90 күннен астам төлеу мерзімі асырылған қарыздар үлесі ЕДБ бойынша орта көрсеткіш - 30,37% кезінде 1,1% құрады.

Бүгінгі таңда банк активтері 323,4 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша Банктің табысы 2,7 млрд. теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны