12.06.2008, 19:34 3057

Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды

Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды

Астана. 12-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, мемлекет басшысының жарлықтарымен Бағдат Құлтайұлы Иміреев Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды;

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны