27.02.2007, 17:27 2581

Қазақстанның үкімет басшысы таяуда Изербайжанға іссапармен бармақ

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов таяуда Изербайжанға іссапармен бармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін үкімет үйінде Изербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров үкімет басшысымен кездесуде Кәрім Мәсімовке Изербайжан Республикасының премьер-министрі Артур Таироглы Расизаденің атынан таяу уақытта Изербайжанға келіп кетуге шақырған хатты табыс етті.

"Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов шақыруды қабыл алды. Сапардың мерзімі дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кездесу барысында кең көлемдегі мәселелер бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, екі елдің экономикалық ынтымақтастығын, мұнайгаз және көлік секторларын кеңейту мәселелері талқыланды.

Кәрім Мәсімов атап өткендей, Қазақстан мен Изірбайжан - бұл экономикасы сылыстырмалы түрде өсіп келе жатқан мемлекеттер және бірлесе отырып көп іс тындыруға болады.

Изербайжан сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасында қарама-қайшылық жоқ, ал халықаралық сипаттағы проблемалы мәселелер жөніндегі ұстанымы көп жағдайда ұқсас екенін атап өтті.

Э. Мамедьяров сондай-ақ Изербайжан Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуге ұмтылысын қолдайтынын мәлім етті. "Қазақстан, өзге бір ел тәрізді 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық жасауға дайын" деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны