12.10.2017, 16:47 4732

Қазақстанныӊ үкіметтік емес ұйымдары интернет-портал арқылы есеп береді

Қазақстанда ҮЕҰ дерекқоры - infonpo.kz интернет-порталы іске қосылды. Енді, жыл сайын 31 наурызға дейін еліміздегі барлық қоғамдық ұйымдар өз қызметі туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҮЕҰ дерекқоры - infonpo.kz интернет-порталы іске қосылды. Енді, жыл сайын 31 наурызға дейін еліміздегі барлық қоғамдық ұйымдар өз қызметі туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

ҮЕҰ-дыӊ ашықтығын және қоғам алдында ҮЕҰ-дыӊ қызметі туралы ақпараттыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында үкіметтік емес ұйымдардыӊ деректер базасы құрылған болатын. ҮЕҰ дерекқоры арқылы азаматтар ҮЕҰ қызметіне қатысты қажетті ақпаратты ала алады, ал ҮЕҰбір-бірімен ақпарат алмасып, сенімді серіктестер таба алады.

Бүгінгі таӊда үкіметтік емес ұйымдардыӊ дерекқорында 3 мыӊдай қазақстандық және шетелдік ұйымдардардыӊ тәжірибелері туралы ақпарат көрсетілген. ҮЕҰ дерекқоры үкіметтік емес ұйымдардыӊ қызметініӊ ашықтығын қамтамасыз ету және олардыӊ жұмысыменхалықты ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік келісімшарттарды орналастыру, гранттар беру және жүлделерді тағайындау шеӊберінде пайдалану үшін құрылған ақпараттық дерекқор болып табылады.

ҮЕҰ деректер базасындағы ақпараттар жыл сайын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері Комитетіне жыл сайын наурыз айыныӊ 31-не дейін ұсынылуы тиіс.

Ақпарат келесідей екі жолмен ұсынылады: ҮЕҰ дерекқорыныӊ интернет-порталы арқылы (infonpo.kz) пошта арқылы немесе қағаз және электронды БАҚ арқылы таратылады.

Интернет-портал арқылы ақпарат беру тұтастай жұмыс процесін жеӊілдетеді, есепті толтырудыӊ дұрыстығына ықпал етеді және пошта қызметіне ақы төлеу шығындарын есептемейді. Айта кету керек, интернет-порталға ХҚКО-нан (Халыққа ықзмет көрсету орталықтары) алынған ұйымныӊ ЭСҚ(Электронды сандық қолтаӊба) кілті арқылы тіркелуге болады.

Дерекқорға ақпаратты ұсынбау, уақытында бермеу, сондай-ақ жалған немесе дұрыс емес ақпарат берген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.Қазақстан Республикасыныӊ "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексініӊ 489-1-бабына сәйкес, құқық бұзушылық орын алған жағдайда ескерту жасалады, ал қайталанатын болса 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, немесе заӊ бұзушылық жасаған ұйымныӊ қызметі үш ай мерзімге тоқтатылады.

ҮЕҰ деректер базасына қатысты кез-келген ақпаратты "шұғыл желі" болып саналатын 8 (7172) 74-04-28, 74-04-20 телефондарына қоӊырау шалу арқылы біле аласыздар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны