23.12.2010, 15:18 4965

Қазақстанның ҰҚК бұрынғы қызметкерлеріне іздеу жарияланды

Қазақстанның ҰҚК бұрынғы қызметкерлеріне іздеу жарияланды

Астана. 23 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының ҰҚК бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қ. Қожамжаровтың хабарлауынша, ҰҚК алтыншы департаментінің бұрынғы басшысы Иділ Ибеновтың үстінен қозғалған іс жеке өндіріске бөлінген. Журналистердің осы қылмыстық іс аясында ҰҚК басқа да лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапқа тартыла ма деген сұрағына жауап берген Қ. Қожамжаров "бірқатар бұрынғы қызметкерлерге іздеу жарияланғандығын" хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының ҰҚК алтыншы департаментінің бұрынғы басшысы Иділ Ибенов 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны