15.02.2017, 21:16 4357

Қазақстанныӊ Ұлыбританиядағы және Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды

Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасыныӊ Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлыбританиядағы және Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлықтарымен:

Ерлан Ибілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасыныӊ Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасыныӊ Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасыныӊ Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны