03.07.2014, 20:52 3445

Қазақстанның Ұлттық музейі Ресей музейлерімен алғашқы меморандумға қол қояды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Ресей этнография музейі (РЭМ) және "РОСИЗО" Мемлекеттік музей-көрме орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Ресей этнография музейі (РЭМ) және "РОСИЗО" Мемлекеттік музей-көрме орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ресей этнография музейі - Еуропадағы ең ірі этнографиялық музейлердің бірі. Оның қорында Еуразияның (бұрынғы Ресей империясының) 157 халқының мәдени мұралары бар.

"РОСИЗО" Мемлекеттік музей-көрме орталығы - мемлекет пен коммерциялық құрылыммдардың тапсырмасы бойынша көрме жобаларын дайындайтын және оны өткізетін көппрофильді ұйым. "РОСИЗО" көрмелері жеке жинақ негізінде де, музейаралық және дисциплинаралық ынтымақтастық негізінде де жасала береді.

"Қазақстан Республикасның Ұлттық музейі" РММ-нің хабарлауынша, жеті залға қойылған негізгі экспонаттардан бөлек Ұлттық музей әріптестірінің де көрмелері ашылатын болады. Атап айтар болсақ, оларды қатарында "Ұлы Жібек жолы мұрасы Орта Азия мен Кавказдың дәстүрлі текстилі" (Санкт-Петербург қаласы), "Орыс өнерінің 4 ғасыры" ("РОСИЗО", Мәскеу қаласы), "Ұлттық дәстүрлер мен әлемге ашылу" (Қазақстан Республикасының суретшілер одағы), Қазақстан Республикасы қолөнершілерінің жәрмеңкесі, венгр суретшісі Джудит Покс пен ресей суретшісі Яна Волкованың жұмыстары бойынша "19-20 ғасырлардағы қазақтар" атты архивтік фотосурет көрмесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Баланованың "Сейхун толқындары" киіз киімдер топтамасы.

Сонымен қатар, бүгін үлкен конференция залында шетелдік қонақтар, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен "Мәдениетті жақындастырудағы музейлердің рөлі" атты халықаралық ғылыми симпозиум өз жұмысын бастайды.

Жоспар бойынша музейді барлық аумағы бірнеше учаскіге бөлінеді - Қазақстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолының басып өткен импровизацияланған орта ғасырлық қалашықтар: Түркістан, Сауран, Испиджаб, Тараз, Сығанак, Ақмешіт, Отырар, Суяб. Суретшілер мен қолөнершілердің шеберлік сыныптары өткізіліп, қолданбалы-сән өнерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 2 шілдесінде Астана күніне орай Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ашылуына қатысқан еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны