30.01.2009, 18:25 3317

Қазақстанның заңнамалық базасы экологиялық жоғарғы стандарттарға сәйкестендірілуге тиіс - премьер

Қазақстанның заңнамалық базасы экологиялық жоғарғы стандарттарға сәйкестендірілуге тиіс - премьер

Астана. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның заңнамалық базасы экологиялық ең жоғарғы стандарттарға сәйкестендірілуге тиіс. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісі барысында тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мынадай сұрақ туады: Қазақстан аумағында жұмыс істейтін еуропалық, америкалық, қытайлық, ресейлік ірі шетелдік компаниялар Қазақстанда орналастырған өз өндірісіне өз елдеріндегі өндірістерімен бірдей талап қоя ма?" - деді премьер-министр. Ол шетелдік инвестицияны тартуда бірінші кезекте осындай сұрақ қою керектігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны