26.01.2007, 19:10 3101

Қазақстанның жаңа үкіметі мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл аудармақ

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның жаңа үкіметі мемлекеттік тілді дамытуға қатысты жұмыстарды күшейтпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз қазақ тілін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз",- деді премьер-министр аймақ әкімдерінің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Үкімет жақын арада аталмыш проблемаға қатысты бірқарат мәселелерді шешуі қажет",- деді ол. Атап айтқанда, премьердің сөзіне сүйенсек, "мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі орталықтарды жаппай дамыту қажет".

"Сонымен қатар, оқу-әдістемелік базаны жетілдіріп, телевизилық мультимедиялық оқу жобаларының жобасын құру қажет. Мен осы мәселені білім және ғылым, мәдениет және ақпарат министрліктеріне тапсырам", - деді К. Мәсімов.

"Біз, сондай-ақ, мемлекеттік тілді меңгеруді әділ бағалау жүйесін енгіземіз. Бұл мемлекеттік тілдің алға басуына әсер ететін басты құрал болмақ",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны