16.01.2014, 19:03 4171

Қазақстанның және Беларусьтың авиациялық биліктері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады - ККМ

Кездесу қорытындылары бойынша екі елдің авиациялық биліктері өздерінің әуе компанияларына Беларусь және Қазақстан аумақтары аралығында әуе қатынасын ұйымдастыру мәселелерін тыңғылықтауды, сонымен қатар сәйкес коммерциялық келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы авиациялық биліктерінің өкілдері Алматыда кездесіп, әуе көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Минск-Астана желісіндегі жолаушылар тасымалының өсуін белгілеп, елдер арасындағы бағдарлар желісін кеңейту мүмкіндігін қарастыруға келісті, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

"Атап айтқанда қазақстандық жақ беларусьтық тасымалдаушыларға Беларусь елінен Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Павлодар бағыттары бойынша аптасына 10 реттік жиілікпен жүйелі түрде тура ұшатын рейстерді жасау ұсынылды. Өз кезегінде қазақстандық тасымалдаушыларға дәл сондай жиілікпен жүйелі түрде Минск, Витебск, Гомель, Брест және Гродно беларусьтық қалалар бағыттары бойынша тура ұшатын рейстерді жасау ұсынылды", - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындылары бойынша екі елдің авиациялық биліктері өздерінің әуе компанияларына Беларусь және Қазақстан аумақтары аралығында әуе қатынасын ұйымдастыру мәселелерін тыңғылықтауды, сонымен қатар сәйкес коммерциялық келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

"Иуе бағдарлары желісінің дамуы туралы шешім екі факторды ескерумен қолданылады: біріншіден, осындай әуе тасымалдарына халық арасындағы сұранысты бағалау қажет, екіншіден, олардың эконономикалық пайдалылығын ескеру қажет" деп, белгіледі ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.

Ол сонымен бірге әуе бағдарларының кеңейтілуі туралы ұсыныс белорусстық жақпен ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейін қарастырылатынын айтып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны