30.11.2012, 17:38 6421

Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясын даярлау аясында инвестицияларды тарту жұмысы оңтайлы шешіліп жатыр

Бұл туралы Астанада "Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясының әдістемелік жолдары" тақырыбындағы семинарда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой мәлім етті.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясын даярлау аясында инвестицияларды тарту жұмысы оңтайлы шешіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астанада "Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясының әдістемелік жолдары" тақырыбындағы семинарда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой мәлім етті.

Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясын даярлау аясында инвестицияларды тарту жұмысы оңтайлы шешіліп жатыр. Бұл туралы Астанада "Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясының әдістемелік жолдары" тақырыбындағы семинарда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой мәлім етті.

Бүгінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясын даярлап жатыр. 2030 жылға дейінгі стратегияда бүгінгі жаһандық мәселелер көрініс тауып, таза экономикаға көшу тетіктері белгіленеді. Аталған құжат 2050 жылға дейінгі болжамды қамтитын болады. "Біз жасыл экономикаға инвестицияларды тарту мәселесін де оңтайлы шешіп келеміз.

Бүгінде Дүниежүзілік банктің таза технологиялар қорымен келісіп, 1 млрд. доллар көлеміндегі қаражатты тартуды көздеп отырмыз. Ол ақша жылу құбырларын жаңғырту және баламалы энергия көздерін дамытуға жұмсалмақ", - дейді А.Дерновой. Қазірдің өзінде Павлодар мен Петропавл қалаларында жылу құбырларын жаңғырту бойынша алғашқы жобалар қолға алынды. Ал Ақтауда қалдықтарды жоюға арналған жұмыстар атқарылып жатыр. "Алдағы уақытта ондай бастамаларды Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және басқа да облыс орталықтарында іске асыру жоспарланып отыр", - деп атап көрсетті А.Дерновой.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны