31.01.2014, 18:42 7535

Қазақстан-Ресей әріптестігінің әскери мәселелері алдағы 15-20 жылда қаралатын болады - С.Шойгу

"Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Ресей қатынасы бүгінде оң бағыт бойынша даму үстінде. Біз алдағы уақытта бұл ынтымақтастықты әлі де тең құқылы және екі жаққа да пайдалы болатындай етіп дамытуға мүдделіміз", - деді ҚР қорғаныс министрі И.Жақсыбеков өз кезегінде.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан-Ресей әріптестігінің әскери мәселелері алдағы 15-20 жылда қаралатын болады. Бұл жайлы Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында айтты.

"Бізді алаңдатып отырған бірқатар қатерлердің бар екені рас. Менің айтпағым қазіргі ҰҚКҰ мен біздің өзге де ұжымдық күштеріміздің ахуалы. Біз қазір келетін кез келген қатерге дайын екенімізге көз жеткізуіміз керек. Бірінші кезекте Ауғанстан мәселесіне қатысты жағдайлар шешімін табу керек. Биыл коалициялық күштер өзінің негізгі күшін Ауғанстаннан алып шығады. Ирине, бұл қазір айтарлықтай қауіпті жағдай емес, алайда алдағы уақытта бұл елдің тұрақтылығын сақтау үшін қазірден бастап шараларды қолдануымыз керек", - деді С.Шойгу.

РФ қорғаныс министрінің айтуынша, қазақстандық-ресейлік әріптестігінің стратегиялық маңызы орасан.

"Біз қазіргі жағдайды ғана бақылауда ұстап қоймай, алдағы 15-20 жылда алдымыздан шығуы мүмкін қауіп-қатердің алдын алуымыз керек", - деді министр.

"Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Ресей қатынасы бүгінде оң бағыт бойынша даму үстінде. Біз алдағы уақытта бұл ынтымақтастықты әлі де тең құқылы және екі жаққа да пайдалы болатындай етіп дамытуға мүдделіміз", - деді ҚР қорғаныс министрі И.Жақсыбеков өз кезегінде.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келген еді.

Иділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың әріптестік қорытындысын шығарып, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар қорғаныс саласындағы бірқатар мәселелердің басын ашып, екіжақты әскери және әскери-техникалық әріптестігінің дамуына тоқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны