20.06.2013, 13:25 3249

Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты келісім мақұлданды

Парламент Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы қазақстан-ресей шекарасын бірлесіп бақылау саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялады.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты келісім мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Парламент Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы қазақстан-ресей шекарасын бірлесіп бақылау саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялады.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, құжат "шекарадағы бақылауды жеңілдетіп, тауар айналымын арттырады".

Келісімге сай шекарадан екі ел азаматтардың өткені, жүк пен тауар айналымы туралы ақпараттармен алмасып отырады.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 7 мың 591 километрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны