05.12.2008, 18:05 3077

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы құны 6 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңсыз өткізген

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы құны 6 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңсыз өткізген

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы құны 6 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңсыз өткізген. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық- демократиялық партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 6-шы отырысында Бас прокуратураның Мемлекеттік органдардың қызметтерінің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, акционерлік қоғам өкілдері конкурсқа қатысушыларға бірдей мүмкіндіктер жасамаған. "Сондай-ақ аталған ұйымның конкурстық комиссия өкілдері мемлекеттік сатып алу жұмыстары барысында "Сименс" сияқты өзге де бірқатар компаниялардың мүддесін жақтап, өзгелері одан мықты бола тұрғанына қарамастан, жеңімпаз деп тапқан. Сондай-ақ көптеген ұжымдардың конкурсқа қатысуларына мүмкіндік берілмеген. Кей жағдайда олар конкурсқа қатысушыларға жылдық айналым құны кемінде 5 миллион еуроны құрау қажет деген заңсыз талаптар қойған. Ал конкурсты жеңіп алған "Сименс" компаниясы өзінің міндеттерін белгіленген мерзімнен кешіктіріп орындаған", деді Бас прокуратура өкілі.

Сонымен қатар оның айтуынша, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

көрме ұйымдастыру жұмыстарына және өзге бірқатар қызметтік шығындарға деген желеумен 1 миллиард 137 миллион теңгені жұмсап жіберген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны