08.02.2010, 15:56 2914

"Қазақтелеком" басшысы президентті 2009 жылғы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті

"Қазақтелеком" басшысы президентті 2009 жылғы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А.Жұмағалиев мемлекет басшысын 2009 жылғы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті. Есепті кезеңде телефон желісін орнату саны артып, 3,6 миллионға дейін жетті. Интернет жүйесін пайдаланатындардың қатары 1,8 миллионға өсті, олардың ішінде 1,4 миллионы жаһандық жүйені кең ауқымда пайдаланып отыр. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен екі есеге артық.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ құрылымдарының аясында қуатты байланыс қызметін және Интернетті кең көлемде қалада және ауылдық жерлерде одан әрі дамыту туралы әңгіме болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны