03.06.2013, 15:35 5133

"Қазақтелеком" үстіміздегі жылдың қыркүйегінде FMC жүйесін іске қосуға ниетті

"Жаңалықтардың бірі нарықта FMC-ті біріктіру және құру болмақ - бұл белгіленген және мобильдік байланыстың бірігуі, онда компания пакетті отбасыға ұсынды және белгіленген қызметтерге, мобильдік қызметтерге төлеуге болады. Мұны қыркүйекте жасауды жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді компания басшысы.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" АҚ нарықта FMC сервисін құру арқылы халыққа қызметтердің кешенді пакетін ұсынуда негізгі тауашаны иеленуге ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Біздің компания үй шаруашылықтарына жалпы алғанда белгіленген байланысты, үйдегі интернетті, тегін телевизия мен мобильдік байланысты қосқанда жүйелік қызметтер кешенін ұсынады. Бұл таяу 5 жылда көшкіміз келетін қызметтер конвергенциясы және компания FMC сияқты аталған қызметтерді ұсынуда негізгі тауашаға ие болғысы келеді", - деді Қ.Есекеев.

"Жаңалықтардың бірі нарықта FMC-ті біріктіру және құру болмақ - бұл белгіленген және мобильдік байланыстың бірігуі, онда компания пакетті отбасыға ұсынды және белгіленген қызметтерге, мобильдік қызметтерге төлеуге болады. Мұны қыркүйекте жасауды жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді компания басшысы.

Сонымен қатар, ол 4G қызметтер ұсынудың тарифтік жоспарында жаңалықтар күтілетінін атап өтті.

"Екінші мәселе - 4G қатысты жаңалық, бұл үлкен жылдамдықтар, екінші сәт - бізде қызықты тарифтік жоспарлар болады. Біз қызықты тарифтік жоспарлар ұсыну бойынша жұмыс жасайтын мықты консультант маркетологтарды жұмылдырдық", - деп хабарлады Қ.Есекеев.

Бұдан өзге, "Қазақтелеком" басшысының айтуынша, компания маркетингтік стратегияны қайта қарап, сервис-менеджментті енгізеді.

"Компания сервис-менеджментті ішінде енгізеді, біздің сервис тез әрі мықты болу үшін біз клиенттерімізбен өзара қарым-қатынас регламентін қайта қараймыз", - деп хабарлады Қуанышбек Есекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны